Атырау, 24 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Риддерде кенші жертөледе екі күн бойы қалып қойған

1 850 рет қаралды


Риддерде жертөледе қалып қойған кенші құтқарылды, - деп хабарлайды yk.kz.  Оқиға 5 қаңтарда күндізгі уақытта болған. "Қазмырыш" ЖШС Риддер-Соколь кенішінің 12-штрегінің 15- қабатындағы тау-кен массасы жауып қалған. 

Сол уақытта бұрғылаушы жұмысын істеп жатқан кезде қабырғаның артында қалып қойған.  Оқиға орнына бірден іздестіру және құтқару қызметі келген. 6 қаңтарда сағат 05:50-де ер адаммен байланыс орнатылған. Құтқарушылар кеншілермен қарым-қатынас жасай алатын жерді бұзып, оған тамақ жеткізген.  Құтқару операциясына барлығы 30 адам қатысқан. Олар ер адамды құтқару үшін 8 метр үйіндіні бұзған. Кенші 7 қаңтарда сағат 03:54 шамасында құтқарылды. Ол Риддердегі ауруханаға жеткізілді.  "Құтқару операциясының штабы көмектескен барлық адамға алғыс айтады. Болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуге комиссия құрылды", - деп мәлімдеді "Қазмырыш" ЖШС қоғаммен байланыс басқармасы. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

8 қаңтар 2020, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.