Атырау, 12 қазан 14:11
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Әлемдік Жұмысшылар одағы Иранға салынған санкцияларды айыптады

1 993 просмотра

Әлемдік Жұмысшылар одағы Америка мен Еуропа одағының Иран Ислам Республикасына қарсы салынған санкцияларды дереу алып тастауды сұрады.

Әлемдік Жұмысшылар одағының Бас хатшысы Джордж Маври Кус сәрсенбі күні Теһранда өткен Жұмысшылардың төртінші мәжілісінде: «Әлемнің 120 еліндегі осы одақтың 82 миллион мүшесі Америка мен Еуропа одағының ИИР-на қарсы санкцияларын айыптап, санкцияларды тез арада жоюды сұрайды» деді.  Әлемдік Жұмысшылар одағының Бас хатшысы: «Өткен жылға дейін Греция мұнайды тиімді бағамен әрі ұзақ мерзімді төлеммен қамтамасыз етіп келді. Алайда Афинының Америка мен Еуропа одағының Иранға қарсы санкция салу шешімінің соңына ілесуі Грецияның өзіне қажетті мұнайды басқа елдерден қолма-қол ақшаға сатып алуына себеп болды. Осы қатынас Грециядағы экономикалық дағдарыс, жұмыссыздықтың өсуі мен кедейшіліктің артуына соқтырды. Еуропа Одағы Америкаға ілесіп, 2012 жылдың 1-ші шілдесінен бастап, Иран мұнайын сатып алуды тоқтатты. Осы мәселе кейбір Еуропа елдерінде экономикалық дағдарыстың артуына себеп болды. 

Дереккөз: kazakh.irib.ir

8 қараша 2012, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.