Ислам әлемін дүрліктірген «Мұсылмандар пәктігі» фильмінің авторы АҚШ-та бір жылға түрмеге жабылды. Алайда, ол атышулы картинасы үшін емес, бір кездері өзіне берілген сынақ мерзімінің шарттарын бұзғаны үшін сотталып отыр, деп хабарлайды Мuslim.kz.
Накула Басели Накула 2010 жылы банктерде жалған есеп шоттар ашып, 21 айға қамалған болатын және ол бостандыққа шыққаннан кейін 5 жыл бойы компьютер мен интернетті пайдалану құқығынан айрылған-ды. Ал, «Мұсылмандар пәктігі» фильмі Накуланың бұл талаптарды орындамағанын айғақтап беріп отыр.
Дереккөз: bnews.kz