Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1411 қаулысымен Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
Ол 1971 жылы Торғай облысында туған. 1993 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002 жылы "Қайнар" университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.
Айта кетейік, 2010 жылғы сәуірден бастап А. Теңгебаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Дереккөз: inform.kz