Атырау, 24 желтоқсан 23:41
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Азаматтық авиация комитеті рейсі тоқтатылған «Бек Эйр» жолаушылары үшін ақпарат таратты

2 766 рет қаралды


«Эйр Астана» 27-29 желтоқсан күндері елордадан Алматыға және кері бағытта 5 қосымша рейс шығарады. Бұл жайында ақпарат Азаматтық авиация комитетінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«7 қаңтарға дейін кейінге қалдырылған «Бек Эйр« рейстерінің жолаушылары үшін «Эйр Астана« әуе компаниясы орын болған жағдайда «Бек Эйрдің« бастапқы билет құнынан аспайтын баға ұсынатын болады. 

Жалпы, «Эйр Астана« 27-29 желтоқсан күні Нұр-Сұлтаннан Алматығы және кері бағытта қосымша 5 рейс шығарды. Әуе компаниясы «Бек Эйрдің« алынып тасталған рейстерінің жолаушыларынан діттеген жерлеріне дер уақытында жетулеріне көмектесу үшін қосымша ішкі рейстер шығару жұмыстарын жалғастыруда», - деп атап өтеді комитеттен. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, SCAT әуе компаниясы «Бек Эйр» жолаушыларын тасымалдауға 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін көмек көрсететін болады. Тасымалдау бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады. 

Жол жүру құжатын рәсімдеу үшін «Бек Эйр» әуе компаниясының өкілдеріне жүгіну қажет. Мұнан бөлек SCAT «Бек Эйр» компаниясы экипаждарын өңірлерден тұрғылықты жерлеріне жеткізуде де көмек көрсетті. «Qazaq Аir» әуе компаниясы да «Бек Эйр» компаниясының жолаушыларын тасымалдауға көмек көрсетуді 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созып отыр (бос орындар болған жағдайда). Мұнан бөлек ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Бек Эйрдің» алынып тасталған рейстерінің жолаушыларын тасымалдау үшін «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында қосымша пойыз ұйымдастырды. Пойыз 30 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан-1 стансасынан сағат 22:03-те шығып, Алматы-2 стансасына 31 желтоқсан күні сағат 17:30-да жетеді. Темір жол көлігіне мінгісі келетін жолаушылар тізім жасалуы үшін «Бек Эйр» компаниясының өкілдеріне жүгінулері керек. 

Колл-орталықтардың телефондары: 

- «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»АҚ +77172613187; 

- «Эйр Астана» әуе компаниясы +77172584477, +77272444477, +77027024477; 

- «SCAT» әуе компаниясы +77252998880 (вн. 277, 278); 

- «Qazaq Air» әуе компаниясы +77273561414;

- «Бек Эйр» әуе компаниясы +77273545000, +77017334576. 

Колл-орталықтар жұмыс, демалыс және мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді.

Дереккөз: Inform.kz

29 желтоқсан 2019, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.