Атырау, 25 желтоқсан 01:15
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Алматы маңындағы ұшақ апаты: Informburo.kz редакторы Дана Круглова қаза тапты

3 960 рет қаралды


Informburo.kz шығарушы редакторы Дана Круглова Алматы облысы Қызыл Ту ауылының маңындағы әуе апаты салдарынан қаза тапты. 

"Бұл ұшақпен баруы белгісіз еді, себебі Алматыда жоспарланған жұмыстары болатын. Бірақ Дана Жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен қарсы алуды қалап, осы рейспен ұшуға шешім қабылдады", - деп жазылған Informburo.kz сайтында. 

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде туған. 2016 Informburo.kz сайтына тілші болып жұмысқа кірген. 2019 жылдан бері порталдың шығарушы редакторы болып қызмет атқарған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


27 желтоқсан 2019, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.