
Адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова Bek Air-мен ұшуы керек болған, алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айман Омарова Нұр-Сұлтанға ұшуы керек болған.
"Петропавлда клиенттерім болған. Алдымен астанаға барып, артынан белгіленген жерге баруым керек болған. Көмекшіме сол ұшаққа билет алсын дегенмін. Air Astana-мен емес, Bek Air арқылы ұшқым келген. Алайда соңғы сәтте клиент оның ісін тегін жүретін болғандықтан билетті өзі сатып алатынын айтты. Сөйтіп "Алматы-Көкшетау" рейсіне билет алып, кеше ұшып кеттім. Басында қайда жүргенімді түсінбей, ашуландым. Сосын бұл жерден Петропавлға жақын екенін түсіндім. Ал таңертең мына жаңалықты естіп отырмын", - дейді Омарова.
Апатқа ұшыраған ұшақта Айман Омарова есімді адам болғаны белгілі.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау -11