Атырау, 26 желтоқсан 13:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Уақытша қамауға алынған күдікті 10 күннен соң абақтыда көз жұмды

2 290 просмотра

Шығыс-Қазақстан облысында уақытша тергеу изоляторында сол күні тұтқындалған атпалдай азамат өлім құшты. Оны дүкенде сатушымен орын алған кикілжің үшін 10 тәулікке абақтыға тоғытқан екен.

Ауылдастарының айтуынша, ер адамды себепсіз қамауға алған. Сол күні, Самат Омаров сатушыдан кешірім де сұрап, екі жақта ренжішсіз тараған болатын.

Бірақ, ауылдың учаскелік полицейі бұл әрекетті ескерусіз қалдырмай, бұзақыны тергеу абақтасына қамаған. Ал ертеңінде, жақындарына Саматтың «жүрегі тоқтап қалды» деп суық хабар жеткізген. Алайда, марқұмның анасы баласының мұндай жағдайда қайтыс болғанына сенбейді.

Қалимаш Омарова, Самат Омаровтың анасы:

Мен ұлымның бетіндегі қан дақтарын көрдім. Соғып өлтірген. Соқпаса, маған көрсету керек еді. Ол өз өлімінен өлген жоқ. Ешқашан денсаулығына арызданбаған атпалдай жігіт, қалай жүрегі қысып қайтыс болады.

Бұл оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізген полиция басқа уәж айтып отыр. Олардың мәліметінше, жасы 41-ге келген және үйленбеген азамат осыған дейін де тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Сондықтан, ішкі істер департаменті медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның өздігінен қайтыс болғанын айтады.

Жанболат Санияз, ШҚО ІІД-ның баспасөз қызметінің инспекторы:

Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған азамат қаза тапты. Медициналық сараптаманың нәтижесі оның жүрегі тоқтап қалғанын айғақтайды. Оның өліміне басқа біреулердің күш көрсетуі, зорлық-зомбылық көрсетудің белгілері анықталмады.

Полицияның айтқанына сенбеген Калимаш Омарова екінші рет сот-медициналық сараптамасын тағайындатқан болатын. Медициналық сараптама жүргізген мамандардың айтуынша, Самат Омаров тергеу абақтысында жүрегі тоқтап өздігінен өлген деген шешім шығарған. Бірақ, жүрегі қан жылаған Саматтың анасы бұған сенбейді, әділдік іздеп аяғына дейін құқық қорғау қызметкерлерімен күресуге бел шешкен.

Дереккөз: astanatv.kz

7 қараша 2012, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.