Атырау, 25 желтоқсан 04:29
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған

Бейнежазба
3 294 рет қаралды


Төрт бірдей жұмысшысының өліміне себепші болған «Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлеріне қатысты бүгін сот үкімі шықты. 

Мекеменің Алматы ауданы бойынша кәріз қызметі бастығы мен механигі үш жарым жылдан жаза арқалады. 

Ішкі істер министрі облыс әкімдерін жағдайды бақылауға шақырды   ЭКСПО-2020: Тоғыз миллиардтық павильон өзін қалай ақтайды    Әрең табылған интернат тәрбиеленушісі біраз адамды көргісі келмейтінін айтты Төрт адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл мамыр айында болған. 



«Астана су арнасының» төрт сантехнигі кәріз құдығының ішіне түсіп, сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанда метан газына тұншығып қалды. Ал істен шыққан, пайдаланылмайтын кәріз құдығы «Астана су арнасы» мекемесінің тізімінде тұр. Қайғылы жағдайдан екі адам аман қалған еді. 

Олардың бірі, 1998 жылғы жігіт газға уланып ауруханаға түсті. Оны қаза тапқандардың бірі құдықтан ары итеріп жіберіпті. Автокран жүргізушісі, 1967 жылғы Амангелді Жаркеев осылайша жас жігітті аман сақтап қалу үшін өз өмірін қиған.

Дереккөз: ktk.kz

25 желтоқсан 2019, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.