Атырау, 29 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Артық қуат нарыққа шығарылмақ

2 730 просмотра

«Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТІҢ (суретте) айтуынша, 2009 жылғы үкімет қаулысының негізінде электр энергиясының босату бағаларын (1 кВт/сағат үшін теңгемен): 2012 жылы – 6,3, 2013 жылы – 6,7, 2014 жылы – 7,0 және 2015 жылы – 7,3-ке көтеру қарастырылған.

2009 жылы Атырау ЖЭО 2010-2012 жылдардың инвестициялық бағдарламасын бекітті. Түскен қаржылар есебінен 2010 жылы  қуаттылығы 75 мегаватт болатын ЖЭО-ның 4-кезекті құрылысы – жалпы сомасы 16,5 млрд теңгеге екі қазандық пен үш турбина салынды. Орташа мерзімді тариф шеңберінде 1 млрд 167 млн теңге табыс түсті. Бұл ақшалар тозығы жеткендіктен бірнеше жыл бойына тұрып қалған №1 агрегатты және осындай себепті пайдаланудан алынып тасталған 12 мегаваттық екі турбинаны қайта жарақтауға жұмсалды. Сондай-ақ, автоматика мен дабыл жүйелері жаңартылды, барлық аспаптар цифрлық түрлеріне ауыстырылды.

Өткен жылы ЖЭО біздің ақшамызға №13 жаңа қазандық агрегатын, суды тұздан тазартатын цех және 40 мың кВА болатын трансформатор алды. Маймен жұмыс жасайтын ажыратқыштарды вакуумдық түрлеріне ауыстырды. Айтпақшы, осы май аспаптарының салдарынан 2006 жылы ЖЭО трансформаторында өрт болып, бірнеше сағат бойына бүкіл облысты жарықсыз қалдырған болатын.

Қазір ЖЭО қуаттылығы 314 мегаватт құрайды, ал 2015 жылдың аяғына қарай бұл 499 мегаватт болмақ.

Бірақ бүгінгі күні ЖЭО 200 мегаваттай қуат өндіруде. Оның күшін өз ақшамыз есебінен екі есе жарымға жеткізудің не керегі бар?

Сөйтсек, М.Қалиевтың айтуынша, 2016 жылдан бастап 270-280 мегаватт көлеміндегі артық қуат ұлттық электр жүйелері операторына беріліп, әрі қарай еліміздің ішкі және сыртқы нарықтарына сатыла бастайды екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 қараша 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.