Атырау, 25 желтоқсан 01:16
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

ІІМ WhatsApp арқылы құжат суреттерін жібермеуге кеңес берді

2 294 рет қаралды


ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының суреттерін жібермеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Парольдерді жиі өзгерту керек (әлеуметтік желілерде, телефонда. - Ескерт.) қазір телефонда барлығы сақталады, оның себебі - өзіңізді қауіпсіздендіру. Әрқайсыңыз жеке куәліктің фотосуретін жақын адамға WhatsApp арқылы жіберген шығарсыздар немесе банк картасының суретін, картаның кері жағын жолдап көрген шығарсыздар. Бұлай жасауға болмайды, өйткені бұл онлайн-сатып алу үшін жеткілікті. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелері бар", - деді Криминалдық полиция департаменті киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ІІМ-де өткен брифингте. 

Оның айтуынша, биыл мыңнан аса интернет-қылмыс ашылған, 388 адам ұсталған. "Интернет-алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие, бұл қылмыстардың байланыссыз түрі. Алаяқтар желіні пайдаланады, сондықтан қылмыскер бір аймақта, ал жәбірленуші - басқа аймақта болуы мүмкін. Бізде алаяқтар шетелден қылмыс жасаған фактілер бар", - деді ол. Әсіресе алаяқтардың қолынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары зардап шегеді екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 желтоқсан 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.