Атырау, 22 қаңтар 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

2020 жылы демалыс күндері ауысады

3 687 рет қаралды


Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілгенін хабарлады.

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді", - деп жазылған хабарламада.

Демалыс күндері:

  • 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылдың 3 қаңтары жұмаға;
  • 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
  • 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылдың 18 желтоқсаны жұмаға ауыстырылды.

Үкімет қаулысы жайлы осы жылдың 6 қарашасында премьер-министрдің ресми сайтында жазылған, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: Sputniknews.kz

23 желтоқсан 2019, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.