Атырау, 25 желтоқсан 02:42
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы бала табылды

3 684 рет қаралды


Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы Дамир Серікұлы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен бала әпкесінің үйінде жүргенін анықтаған. Жасөспірімнің мұндай іс-әрекетке бару себебі әзірше белгісіз. 12 желтоқсанда күндіз Дамир мектептен шығып кеткеннен оны ешкім көрмеген. Мектеп басшылары шағым түсіргеннен кейін қалалық полиция өкілдері жоғалып кеткен баланы іздестіру бойынша жедел-алдын алу шараларын өткізген. 


"Көру қабілеті нашар балаларға арналған интернат оқушысы Дамир табылды. Мен оның анасымен байлаыстамын. Полиция және еріктілерге алғыс білдіреміз. Бастысы - бала аман-сау", - деп жазды Аружан Саин Instagram желісіндегі парақшасында.  Айта кетейік, бұған дейін ол анасына хат қалдырып кеткен.  


Оның сөзінше, хат жазуына себеп сыныптастарымен сөзге келісіп қалуы болған екен. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 желтоқсан 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.