Брижит Бардо қорының қызметкерлері келесі көктемде Қазақстанға келіп, ветеринарларымыз үшін үй жануарларын ұрықсыздандыру бойынша үйрету курсын өткізуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы арнамызға сұхбат берген қор өкілі хабарлады. Еске салып кетсек, жануарларды қорғаумен белсенді айналысатын белгілі актриса Қазақстан Президентіне хат жолдаған болатын. Өз үндеуінде Брижит Бардо иесі жоқ мысық пен иттерге араша түсіп, оларға адамгершілікпен қарауға шақырған еді.
Бұл қор түрлі елдерде осындай реформаларды жүргізуге көмектескен еді. Бұл қаңғыбас жануарларды аулау ісін өзгертумен қатар мысық пен иттер иелерінің және биліктің жауапкершілігін күшейтетін заң қабылдауды қарастырып отыр.
Брижит Олюа, Брижит Бардо қорындағы халықаралық жобалардың үйлестірушісі:
- Хатқа келетін болсақ, соңғы кезде Қазақстан туралы көп айтылып жүргендіктен, Бардо ханым осындай үндеу жасауды ұйғарған деп ойлаймын. Қазақстанға арналған көптеген мақаланы көрдім. Менің пікірімше, жануарларды қорғайтын жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтасудың қолайлы сәті туды. Қазақстанда жануарларға жаны ашитын адам көп екеніне сенімдімін.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау -11