Атырау, 26 сәуір 18:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстанда митинг туралы жаңа заң әзірленеді

3 233 просмотра


Митинг мәдениетін қоғамдық санаға сіңіретін уақыт жетті. Қазақстан бейбіт жиналыстар туралы мүлдем жаңа заң шығарады. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Біз Конституциямызға сәйкес, митингтерді ұйымдастыру туралы хабарландыру қағидасын енгізуді бастауымыз керек. Егер көшеге шыққандар заң бұзбаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі жасамаса – митингтерге рұқсат етіледі. Бұл менің приниптік ұстанымым. Оны сіздер білесіздер, біз енді оны заңды түрде бекітеміз. Қоғамдық санаға митинг мәдениетін сіңіретін уақыт жетті, - деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, "мемлекеттің қоғамдық пікір мен көзқарасқа дұрыс көзбен қарайтын уақыты келді".

- Одан қашып кете алмаймыз. Митингтерге рұқсат беруге мәжбүрлі болмай тұрғанда өзіміз саналы түрде келгеніміз дұрыс. Бірақ митинг деген адамның құқығы қана емес, сонымен қатар жауапкершілік те екенін түсіну керек. Мен қыркүйектегі жолдауымда митингілер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтқан болатынмын. Бүгін ҰҚСК отырысында мен президенттік жолдауды жүзеге асыру жоспарын орындау аясында "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасы әзірленгенін айтқым келеді. Ол бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін нақты анықтайды, мәслихаттардың арнайы орындарды анықтауға құзыреттілігін, сондай-ақ ұйымдастырушының мәртебесі, қатысушы және бақылаушы мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері сияқты ұғымдар айқындалған, деді ол.

Сонымен бірге, Тоқаев бұл тек қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер емес, бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін тұжырымдамалық мүлдем жаңа заң екенін айтты.

- Үкімет заң жобасын парламенттің қарауына жіберуі керек, - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Zakon.kz

20 желтоқсан 2019, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.