Атырау, 25 желтоқсан 03:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Сыртқы істер министрі Мысырдағы дипломаттың өліміне қатысты түсінік берді

2 726 рет қаралды


Үкімет дәлізінде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақстандық дипломаттың қазасына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз тергеу нәтижелерін күтіп отырмыз. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол салды деген болжам бар. Әрине, біз бұл жайтты зор күйзеліспен қабыл алдық. Ол өте сауатты арабист, бізбен ұзақ жылдар бойына жұмыс істеді, - деді министр.

Министр марқұм дипломаттың биыл үш жылдық іссапар мерзімі аяқталғанын да айтты.

"Осы жазда ол үш жылдық іссапарды аяқтады, бірақ елшінің ұсынысы бойынша және заңға сәйкес біз оны тағы бір жылға ұзарттық, өйткені ол елшілікке керек болды", - деп сөзін түйіндеді министр.

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қазасы туралы 17 желтоқсанда белгілі болды. Марқұмның немере інісі Гүлнар Пернебекованың айтуынша, қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған, Еламан үйінің кіреберісінде өлі күйі табылған. Дипломаттың денесі жіппен матап-байланған деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы 18 желтоқсанда өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Дереккөз: Zakon.kz.

19 желтоқсан 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.