
Қазақстанда үш терактінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін терроризм қаупі әлі де сақталады. "Тек осы жылдың өзінде ҰҚК органдары алдын ала дайындық сатысында террорлық акт жасаудың үш әрекетін тоқтатты. Олардың екі жағдайында радикалдар Алматыда және тағы бір (лаңкестік) Қарағанды облысында жасауға жоспарланды. Ұйымдастырушылардың және орындаушылардың бір бөлігі халықаралық террористік ұйымдардың содырларынан өз байланыстарының ықпалына түсті, екіншісі Интернетте террорлық, экстримистік сипаттағы материалдармен танысу негізінде өз бетінше радикал болған", - деді Сергей Швейкин.
Оның айтуынша, тінту кезінде ұсталғандардан атыс және травматикалық қарулар, жарылғыш құрылғылардың компоненттері тәркіленді. "Құқық қорғау органдарының, ірі сауда орталықтарының, мәдени құрылыстардың, қаржы мекемелерінің ғимараттарына шабуыл жасау жоспарланған, сондай-ақ адам ұрлап кепілге алу жоспары да болған", - деп толықтырды ҰҚК өкілі. Терроризм актілерін дайындауға қатысқан барлық адамдар сотталды. Оларға 6-дан 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Ресми деректер бойынша, терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін 140 адам сотталды.
Сондай-ақ, "Шетелде террорлық ұйымдардың құрамында 40-қа жуық Қазақстан азаматтары жүр және 65 әйел мен отбасы мүшелері бар. Олардың барлығы туралы арнайы қызмет өкілдеріне белгілі. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолданылып жатқан шаралар барысында олардың саны азайып жатыр. Басқа да тұлғалар жайлы ұрыс алаңында қаза тапқандар туралы мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Сергей Швейкин. Антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасарының айтуынша, шетелде жүргендердің көбі ойын өзгерткен. "Біреулер елге қайтудың жолын іздестіріп жүр және террорлық қылмыс үшін жазасын өтеуге дайын. Сондай-ақ, қылмыстық әрекетін жалғастыруға дайын азаматтар да жоқ емес", - дейді Швейкин.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау -11