Атырау, 25 желтоқсан 03:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Роза Рымбаева мен Тұрсынбек Макишев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

3 904 рет қаралды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы. 

2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы. 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



12 желтоқсан 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.