Атырау, 24 сәуір 15:33
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстандық 10 ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды - министр

2 920 просмотра


Білім және ғылым министрлігі қазақстандық 10 ЖОО-ның лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мұның алдында біз бес ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір біз ЖОО-ларда қосымша тексеріс жүргізіп жатыр. Сол тексерістің нәтижесі бойынша біз шешім қабылдадық, тағы бес ЖОО-ның лицензиясын тоқтатамыз. Заң бойынша ол ЖОО-лар бұл шешімге он күн ішінде шағым түсіре алады. Сондықтан да бізге қазір уақыт керек, шамамен 10 күндей. Сол уақытты күтеміз. Шағым түспесе, нақты қай ЖОО-лардың лицензиясы тоқтатылғанын айта аламыз", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ, БҒМ басшысы еліміздің оқу орындарының қандай ережелер бұзатынын айтып өтті. "Біз ЖОО-лардың ҰБТ сертификатынсыз оқуға қабылдап жатқанын көрдік. Бұл білім сапасының қандай екенін білдіреді. Бұдан бөлек, студенттердің сабақ бармайтынын, бірақ емтихандардан өтіп, дипломдарын алып жатқанын білеміз. Әрине, біз, мемлекеттік орган ретінде мұндайға жол бере алмаймыз. Сондықтан қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Бірнеше күннен кейін лицензиясы тоқтатылған 10 ЖОО-ны атап береміз", - деді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


11 желтоқсан 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.