Атырау, 20 сәуір 10:55
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қара алтын «қарғысы»: Қарашығанақта мұнай 7 жылдан кейін таусылады

Сурет
7 362 просмотра


Қазақстан 2019 жылы 89 млн тонна мұнай өндірді. Бұл туралы энергетика министрлігі әр жерде жариялап жүр. Осы көлемнің 60%-ы үш ірі компания – Теңізшевройл, Karachaganak Petroleum operating, North Caspian Operating Company-ға тиесілі. Жыл соңына дейін өндірілген қара алтын көлемін 90,5 млн тоннаға жеткізу жоспарда бар.  

15 жылдан кейін қалай күн көреміз?

Кен орындарын кеңейту жобалары арқылы Қазақстан 2023 жылдан бастап  жылына 100 млн. тоннаға дейін мұнай өндіруді  жоспарлап отыр. Бірақ 2035 жылы ол біртіндеп азаяды.  Бұл туралы алдыңғы материалдарымызда IHS Markit компаниясының зерттеулеріне сүйене отырып айтқанбыз. Себебі, Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз сияқты «Үлкен үштіктен» бөлек орта деңгейдегі кен орындарынан әзірге үміт жоқ. Оның үстіне редакция сауалына жауап берген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Қарашығанақтағы мұнай дәл бүгінгі қарқынмен өндіріле берсе, тек 7 жылға жететінін жеткізді. Қазіргі уақытта кен орнындағы қор көлемі – 91 млн тонна шамасында ғана. Былтыр Қарашығанақтағы негізгі оператор -  «Karachaganak Petroleum operating» 12 млн 170 мың тонна, ал биыл 10 млн 188 мың тонна мұнай өндірді.

ТШО-да былтыр 28 млн 621 мың тонна, биыл 27 млн 148 мың тонна шамасында «қара алтын» алынды. Осы қарқын жалғасатын болса, Теңіздегі 1 млрд тоннадай мұнай 37 жылдан кейін таусылады.

Энергетика министрлігінің болжамына сүйенсек, Қаламқас кен орнындағы мұнай 13 жылда, Құмкөлде 23, ал Жетібайда 26 жылда сарқылады. Басқа да ірілі-ұсақты кеніштердегі қор 40 жылға жетеді. Дегенмен, бар үміт Қашаған бассейнінде. 2 млрд тоннадан астам мұнай қоры бар ірі кен орны әлі 155 жыл бойы өнім береді деген болжам бар.

Жалпы республика бойынша мұнай қоры – 4,6 млрд тоннаны құрайды. Егер Энергетика министрлігі жоспарлағандай, 2023 жылдан бастап жыл сайын 100 млн тонна өндірілетін болса, мұнай 30 жылда-ақ түгесілуі мүмкін. Бірақ 2035 жылдан бастап өндіріс көлемі біртіндеп бәсеңдесе, қазір қорда бар мұнай 50 жылға жетуі мүмкін. Министрліктің де болжамы осыған саяды.


Батыста мұнай  таусылса...

Қазақстан қазіргі белгілі кен орындарындағы мұнайдың азайып бара жатқанын, сондықтан «байлықты» басқа жерлерден де іздеу керектігін бірнеше жылдан бері айтып келеді. Жақында ғана Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау бөктерінде мұнай белгілері табылғанын хабарлады.

«Зерттеу барысында отандық геологтар мұнайдың беткі қабықшаларын байқап отыр. Сондықтан жақын уақытта ол жерлерді бұрғылап, мұнайдың қорын іздеуге кірісеміз»,- деген еді ол.

Геологиялық жұмыстардың нәтижесі белгілі болмай,  Қаратаудағы мұнай туралы айтуға әлі ертерек.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz


10 желтоқсан 2019, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.