Атырау, 22 қаңтар 17:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

2 467 рет қаралды


Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь. Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану. Тұрғын үй өрті бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.


Дереккөз:  Inform.kz

9 желтоқсан 2019, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.