Атырау, 20 сәуір 17:56
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Депутат Қазақстанда кедейлік шегін өсіруді ұсынды

1 975 просмотра


Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықова кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейімен теңестіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат осы жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемшарты ең төменгі күнкөрістің 50%-нен 70%-не дейін ұлғайтылғанын еске салды.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда кедейлікті бағалаудың деңгейі – ең төменгі күнкөрістің 70 проценті (20 789 теңге). Халықаралық сарапшылар кедейлік шегінің оңтайлы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейі екенін атап өтті. Сондықтан, біздің ойымызша, кедейшілік шегін одан әрі ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін теңдестірілген қаржы экономикалық моделін құру керек. Бұл мемлекеттік органдардың өзекті міндеттерінің бірі болуы тиіс", - деді Әбдіқалықова мәжілісте атаулы әлеуметтік көмек туралы өткен үкімет сағатында.

Ол ең төменгі күнкөріс шамасының өзі халықтың нақты сатып алу қабілетіне сәйкес келуі керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, адамның барынша аз қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс екенін айтты.

Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңгені құрады. Ал кедейлік шегі осы күнкөрістің 70 проценті, яғни 20 789 теңгеге тең.

Дереккөз: Sputniknews.kz

9 желтоқсан 2019, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.