Атырау, 25 желтоқсан 03:31
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Димаш Құдайбергеннің фанаттары Нью-Йорк әуежайын "басып алды"

Сурет Бейнежазба
2 866 рет қаралды


Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайберген командасымен бірге Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Әуежайда оны көптеген жанкүйері күтіп тұрды, олар АҚШ-тың түрлі қалаларынан, Аустралия, Жапония, Мексика, Ресей, Чили, Болгария, Филиппин, Испания, Канада, Қазақстаннан барған.  Қазақстандық әнші 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында жаңа Arnau tour ENVOY шоуымен өнер көрсетеді. Залға жеті мың көрермен сияды, барлық билет сатылып кеткен. Олардың 75 пайызын америкалықтар алған. Осыншама танымалдық әсеріне байланысты ұйымдастырушылар тағы 2 мың орын қосқан.  Жанкүйерлері әртіске гүл мен сыйлық алып келген. 

 


Димаштың артынша Санкт-Петербургтен Нью-Йоркке оның жанкүйері Екатерина келген. Әртісті қуанту мақсатында ол қазақтың ою-өрнегімен жасалған камзол киіп, оның әндерін жазып жүрген дәптерін көрсетті.  АҚШ-тағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырып отырған концерт ең айтулы шара болмақ. Қызыққа толы бағдарлама, әртістің жаңа образдарын қазақстандық кәсіпқойлар командасы жасаған.  Фото және видеоны түсірген Ботагөз Айтжанова

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 желтоқсан 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.