Атырау, 25 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Алматыда әскери полиция бөлімінің басшысы миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Бейнежазба
2 547 рет қаралды


Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 миллион теңге көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген хабарламада. 



Дереккөз: Tengrinews.kz

6 желтоқсан 2019, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.