Атырау, 23 сәуір 19:58
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Тоқаев Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

Бейнежазба
2 229 просмотра


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Украинаның шығысындағы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Канцлер Ангела Меркельмен келіссөзден кейін Президентке бауырлас елдің қазіргі жағдайы жөнінде сұрақ қойылды. Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді. 

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мәселесін шешу жөніндегі ұсынысын еске салды. 

"Біздің Тұңғыш Президентіміз осы мәселені Қазақстан аумағында шешуді ұсынды, әрине біз Украинадағы жағдай ең алдымен Норманд форматы бойынша шешілуі тиіс деп ойлаймыз. 9 желтоқсанда Норманд төрттігінің отырысы Парижде өтетінін білеміз. Табыс тілейміз, себебі бізді Украинамен достық қарым-қатынас, ынтымақтастық байланыстырады. Украин халқына үлкен ықыласпен қараймыз, бұл халық тыныш өмір сүруге лайық деп есептейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен бірге өткізген БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында. 


Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Укриан жайлы айтқан еді. "Біріншіден, Қырымдағы болған жағдайды аннексия деп айтпаймыз. Болған іс болды, бояу сіңді. Аннексия - Қырымға қолдану үшін өте ауыр сөз. Екіншіден, сіз айтып отырғандай ешқандай қорқыныш жоқ, болған да емес, себебі екі ел арасында абсолют сенім орнаған. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Минск келіссөздері басталғанын еске сала кетейін. Ол сол кезде Астананы ұсынған, алайда логистика мен Еуропадан алыстығын ескере отырып келіссөздер Минскіде өтетін болып шешім қабылданды", - деді Президент.

Дереккөз: Tengrinews.kz


6 желтоқсан 2019, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.