Атырау, 22 қаңтар 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

​Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

Сурет
4 653 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының арнасы әшкере болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"ҰҚК Ақмола облыстық департаменті Нұр-Сұлтаннан PVP ("тұз", "ұн", "мұз" және "кристалл") синтетикалық есірткісін тасымалдаған топты құрықтады", - делінген хабарламада. 



6 қарашада Ақмола облысының аймағында әлеуметтік желі және интернет-ресурстары арқылы есірткі тасымалдаған 4 тұрғын ұсталды.   Ұсталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан 300 грамм PVP синтетикалық есірткісі, зат қалдықтары бар контейнерлер, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттер, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар және электрон таразылар тәркіленген.  


© ҰҚК
"ҰҚК Ақмола облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталған адамдар Көкшетау полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді комитет өкілдері. 


Дереккөз: Tengrinews.kz

5 желтоқсан 2019, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.