Атырау, 25 сәуір 10:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

Мемлекет басшысы Германияға барды

2 282 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.  

Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.  

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі. 

Мемлекет басшысы 6 желтоқсанда Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 желтоқсан 2019, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.