Атырау, 27 сәуір 08:12
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Пара алған әскери командирге айыппұл салынды

2 274 просмотра


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алғаны үшін бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. "Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.С.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 желтоқсан 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.