Атырау, 25 желтоқсан 00:41
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды​

2 761 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

3 желтоқсанда елордалық полицейлер Volvo XC90 автокөлігін тоқтатқан.  "Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Тексеру барысында, осы автокөлікпен ЖҚЕ бұзу бойынша 98 дерек тіркеліп, 6 миллион 95 мың 350 теңге айыппұл салынған", - деді департаменті өкілдері.  

Сондай-ақ, 49 рет ЖҚЕ бұзған Lexus LX 570 автокөлігі тоқтатылған, оған 2 миллион 489 мың 650 теңге айыппұл салынған.  Автокөліктер айып тұрағына жеткізілген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 желтоқсан 2019, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.