Атырау, 26 сәуір 08:03
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​БҚО-да шенеунік жалға берілетін баспанаға бөлінген қаражатты жымқырған

2 163 просмотра


"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "БҚО Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" ММ басшысы Д. М. Ағеділовке қатысты Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жалдамалы тұрғын үйге және мемлекеттік мекеме үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға бөлінген жалпы көлемі 2 миллион 779 мың теңге бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеу амалдарын жүргізген.

"Биыл 3 желтоқсанда Бөрлі аудандық соты Д.М. Ағеділовті кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 3 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 желтоқсан 2019, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.