Атырау, 20 наурыз 00:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

3 150 рет қаралды


Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөз жүргізді. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді» делінген хабарламада. Қол жеткізілген уағдаластық нәтижесінде «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады.


Дереккөз: Inform.kz 

3 желтоқсан 2019, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.