Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Тоқаев автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

2 417 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында автобус аударылуынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс", - делінген Президенттің Twitter желісіндегі жазбасында. 

Айта кетейік, автобуста мұнай компаниясының жұмысшылары болған. Компания Шымкент қаласында тіркелген. Қазіргі уақытта 8 адамның қаза тапқаны және 21 адамның зардап шеккені белгілі. 

Еске салайық, 50 жолаушысы бар автобус  3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында аударылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz


3 желтоқсан 2019, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.