Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

"Алматыметроқұрылыс" басшысы неліктен босатылды - Министр жауап берді

1 837 рет қаралды


«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Қайрат Рейімов 25 млн теңге кепіл қаражат төлеп, тұтқыннан босап шықты. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Сот шешімі болды. Тұтқында ұстау 25 млн теңге кепіл қаражатты айқындау арқылы санкцияланды. Сондықтан процедуралық мәселелер бар. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлік құжатын ұсынып, ол бағаланды. Осы процедуралардан кейін ол кепілмен босатылды», - деді министр. Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ өкілдері «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтің ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.


Дереккөз: Inform.kz

3 желтоқсан 2019, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.