Атырау, 27 ақпан 09:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

ТЖК: Қызылорда облысында автобус аударылып, кемінде 7 адам қаза тапты

7 387 рет қаралды


3 желтоқсанда таңертеңгі сағат 5.30 шамасында Қызылорда облысында Қызылорда - Құмкөл автожолында автобус аударылды. 

Автобуста 35 жолаушы болған, жол апатынан кемінде 7 адам қаза тапты, 28 адам зардап шекті деп хабарлады төтенше жағдай комитеті. Автобустың аударылуына жолдың тайғақ болуы себеп болған.

Оқиға орнында құтқарушылар, дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "("Жол-көлік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Жол ережесін сақтамау және жол сапасы – көлік апаттарының негізгі себебі.

21 қарашада Қызылорда қаласында екі көлік соғылып, бірнеше адам қаза тапқан.  

Дереккөз: Азаттық радиосы


3 желтоқсан 2019, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.