Атырау, 26 сәуір 21:32
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Шаңғышы Полторанин төрт жылға жарыстардан шеттетілді

2 570 просмотра


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жарыстардан төрт жылға жарыстардан шеттетілді. Себебі спортшының шаңғы жарысынан 2019 жылғы әлем чемпионатында допинг қолданғаны анықталды және кінәсі дәлелденді. Бұл туралы Eurosport.ru хабарлайды. 

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының бас хатшысы Сара Льюистің мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы толық анықталып, шымылдығы түрілген. 

Еске сала кетсек, 32 жастағы шаңғышы Австрияның Зеефельд қаласына әлем чемпионатына қатысуға барған жерде допингпен ұсталған еді. Полиция Алексеймен қатар тағы бірнеше спортшыны қан тамырына допинг салдырып жатқан жерден үстінен түскен. Қан құйдыратын жер жұрт көзіне шаштараз ретінде бүркемеленіп келген.

Дереккөз: 24.kz

29 қараша 2019, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.