Атырау, 22 қаңтар 20:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді

2 610 рет қаралды


Қазақстанның Тұңғыш президенті Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін иеленді.

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болды.

"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 28 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Кездесу осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Алғашқысы былтыр 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

29 қараша 2019, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.