Атырау, 9 қараша 00:45
 дождьВ Атырау +4
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Шымкенттік полицейлер мектепті дүрліктірген жағдай туралы айтты

2 597 рет қаралды


Шымкентте 9-сынып оқушысы сабаққа жарақат салатын тапанша алып келді. Бұл фактіні ювеналды полиция рейд кезінде анықтаған.

Әл-фараби ауданы кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын полиция басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әлиевтің айтуынша, 25-30 қараша аралығында қалада рейд жүргізілген.

"Шара кезінде 25 қараша күні оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Ол қаруды сыныптасынан алғанын айтты. Тапаншаны сол балаға қайтару үшін мектепке алып келген.

Дереккөз: Sputniknews.kz

29 қараша 2019, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.