
"Астанаға" лайықты құрмет көрсетпей, үшінші құрамын әкелген "Манчестер Юнайтед" Нұр-Сұлтаннан ұпайсыз кететін болды.
Нұр-Сұлтанда Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында "Астана" ағылшының "Манчестер Юнайтед" клубымен ойнады.
Матчта елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта Джесси Лингард "Манчестер Юнайтедті" алға шығарса, 55-минутта Дмитрий Шомко таблодағы есепті теңестірді.
Қарсылас команданың қорғаушысы Дишон Бернардтың автоголы қазақстандықтарға жеңіс әкелді.
"Астана" - "Манчестер Юнайтед" матчы. Жанкүйерлер
Осылайша, "Астана" топтағы алғашқы ұпайын алды, бірақ үш балмен соңғы орыннан көтерілген жоқ. Үшінші орында келе жатқан сербиялық "Партизанның" қоржынында төрт ұпай бар.
Дереккөз: Sputniknews.kz
В Атырау -11