Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

"Манчестер Юнайтедтің" бапкері "Астанадан" неге жеңілгенін айтып берді

1 861 рет қаралды


Уле-Гуннар Сульшер ойын сапасына көңілі толатынын айтты. Матчқа арнайы келген жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді.

"Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды", - деді Сульшер.

"МЮ" бапкері жарақаттан соң Джесси Лингардтың оралғанына риза екенін жеткізді. Ол көшбасшылық рөлді керемет атқарды деген баға берді.

Сондай-ақ, норвегиялық бапкер Дмитрий Шомко мен астаналық қорғаушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсеткенін атап өтті.

"Егер Эрич 17 жаста болса, оны "Манчестер Юнайтедке" шақыру туралы ойланатын едім", - деді "Астана" қақпашысының ойынына баға берген Сульшер.

"Астана" "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

29 қараша 2019, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.