Атырау, 8 шілде 14:22
 дождьВ Атырау +26.2
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17

Лицензиясы бір айға тоқтатылған 5 университеттің тізімі жарияланды

4 321 рет қаралды


25 қарашада Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарына жүргізілген тексеру жұмысының қорытындысын жариялап, 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілгенін айтқан. Бүгін аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі лицензиясы бір айға тоқтатылған 5 университеттің тізімін жариялады. Олар:

1. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет (Шымкент қаласы);
2. Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қаласы);
3. «Алматы» университеті (Алматы); 
4. Қазақстан-Американдық еркін университет (Өскемен қаласы); 
5. Қазақстан-Ресей университеті (Нұр-Сұлтан қаласы);

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

28 қараша 2019, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.