Атырау, 17 маусым 11:31
 дождьВ Атырау +23.4
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Тоқаев жарлыққа қол қойды: Министрлер қоластындағылардың жемқорлығы үшін жазаланады

3 663 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды  Ақорда.

 "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген Жарлықта.  Түзетулер басшылардың, соның ішінде министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық үшін оларға бағынышты адамдарды тартқан жағдайда дербес жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.

28 қараша 2019, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.