Атырау, 25 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Ақтөбеде ұсталған адамды ұрып-соққан 10 полицей қызметінен қуылды

3 375 рет қаралды


Ақтөбеде ұсталған адамды полиция ғимаратында ұрып-соғу ісіне қатысы бар он полицей қызметінен қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада 15:00-де "Заходи" кафесінен полицияға қоңырау түскен. Көңіл көтеру орталығында төбелес басталған. Оқиға орнына патрульдік полиция жөнелтілген. Күдіктілердің бірі кафеде келушіні ұрып-соққаны анықталды.  "Қаладағы Алматы аудандық № 3 полиция бөліміне төбелеске қатысқан үш адам жеткізілген, олар мас болған. Полиция бөліміне жеткізілген уақытта олар қарсылық білдіріп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бағынбаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және ҚР ҚК 378-бабы ("Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция бөліміне жеткізілген уақытта полицей ұсталғандардың бірін ұрып-соққан. Ақтөбе облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 1-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция департаменті басшысының бұйрығымен 10 қызметкер қызметінен босатылды. Тағы үш полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген ПД хабарламасында.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қараша 2019, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.