Атырау, 25 сәуір 11:37
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды

2 404 просмотра


"Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры - Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты - депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссия мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Шенеунік Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. "Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлағаны үшін жәрдем берді деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды. 

Осыған дейін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қараша 2019, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.