Атырау, 26 сәуір 18:42
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кінәсізбін деген пластикалық хирургтің тағы бір әйелдің өліміне қатысы бар екен

2 314 просмотра

 

Алматыда атышулы пластикалық хирург Алферовтың соты басталды. Майын алдыруға келген әйелді мәйітханадан бір-ақ шығарған дәрігермен бірге тағы екі әріптесінен жауап алынуда. 

Алайда арада аттай екі жыл өткен соң барып әрең дегенде сотқа тартылып жатқан хирург кінәсін мүлде мойындап отырған жоқ. Керісінше, соттан өзін босатуды талап етті. Онымен қоймай, сотта өзін түсіруге тыйым салғызды. Ал сотталушы орындығында – үш адам. Пластикалық хирургпен бірге реаниматолог пен кезекші дәрігер. Олар отадан соң көп қан жоғалтып өлген Жанна Рахмановаға дер кезінде медициналық көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Бірақ Алферов секілді олар да кінәсін мойындаған жоқ. Десе де, кінәсізбін деген хирургтің тағы бір әйелдің өліміне қатысы бар көрінеді. Бұл құпияны марқұмның туыстары жалдаған адвокат ашты». Осыдан төрт жыл бұрын хирург тағы бір әйелдің артық майын алмақ боп өлтіріп алған», - дейді адвокат. Ол кезде туыстарының тілін тауып, жазадан сытылған. 

Бұл жолы Алферов оңай құтылмайын деп тұр. Қайғылы оқиға 2017-ші жылы болған. 44 жастағы Жанна Рахманова іші мен жамбасының майын алғызуға Роман Алферовтың клиникасына барған. Содан тірі шықпады. Атышулы хирург арада екі жыл өткенде ғана ұсталғанымен, Алферов пен аталмыш клиниканың жарнамасы әлеуметтік желілерде әлі жүр. 


Дереккөз: Ktk.kz

27 қараша 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.