Атырау, 24 желтоқсан 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Junior Eurovision: Қазақстандықтар Ержан Максимге дауыс беріп жатыр

3 325 рет қаралды


Қазақстандықтар «Junior Eurovision-2019» байқауында еліміз атынан сынға түсіп жатқан жас дарын Ержан Максимге дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

19 елден қатысып жатқан үміткерлер үшін дауыс беру бүгін түнде, яғни қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-де басталды. Қазақстандықтар әлемнің қай түкпірінде жүрсе де өз отандасына дауыс бере алады. Ол үшін Junior Eurovision сайтына кіріп, тізімнен Ержанмен қатар тағы 2 қатысушыны таңдау қажет. 

Кейін «Дауысты қабылдау»/ «Дауыс беру» түймешегін басу керек. Айта кетейік, онлайн-дауыс беру 24 қараша күні сағат 21.00-де басталатын гала-концерт алдында уақытша жабылады. Одан соң 15 минутқа қайта ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі беріледі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін сағат 21.00-де басталатын финалдық кезеңді «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Дереккөз: Inform.kz

23 қараша 2019, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.