Атырау, 15 желтоқсан 04:58
Таңертең ашық-1, күндіз 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.63  € 427.98  P 6.08

​ІІМ "есірткі саудасымен айналысатындарды қолдайтын полицейлерге" қатысты пікір білдірді

22 қараша 12:06


Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің есірткі бизнесін қолдайтын полицейлер жайлы айтқанына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ басшысының орынбасары әлемде бірде-бір полицияның сақтанғабанын айтады. Алексей Калайчиди есірткі бизнесімен айналысатын полицейлерге бірнеше фактор әсер ететінін айтады. Біріншіден, жеке адам ретіндегі қасиеттері. 

"Қарап көріңіздерші, есірткі бизнесімен күресетін бөлімшеде бірнеше қызметкер жұмыс істейді, олардың міндеттері бірдей, бірдей жалақы алады. Бірақ біреуі біріінші орында тұрады. Мұнда адамның моральдық-психологиялық портретін қарау керек. Мұнда сіздер айтып отырғандай, жалақының аз болуы әсер етіп тұрған жоқ. Адамдар аштан өліп жатқан жоқ қой. Сондықтан бұл жағдайда адамның жеке мінез-құлығы рөл ойнайды. Кез келген жағдайда қызығушылық тууы мүмкін", - ІІМ басшысының орынбасары. 

Еске салайық, мұның алдында депутаттар есірткі жарнамалайтын және насихаттағандарға жазаны күшейтуді ұсынған болатын. "Полицей ескірті қылмысымен күресудің орнына, керісінше қылмысқа қатысы бары анықталса, ол жазалануы керек. Ішкі істер органдарынан қуылып қана емес, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы қажет. Кімнің қолдау көрсетіп жатқанын халық біледі. (...), - деген еді Нұрлан Нығматулин.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

981 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4