Атырау, 19 наурыз 12:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Ақордада Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің кездесуі басталды

2 893 просмотра


Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер арасында кездесу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Айта кетерлігі, Ақордаға келген Ули Маурерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Швейцария басшысының ресми сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан Президентінің оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. 

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің шағын құрамдағы келіссөздері өтіп жатыр. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер болмақ. Аталған келіссөздер барысында барлық саланы қамтитын мәселелердің кең ауқымы жан-жақты талқыға түседі. 

Қорытындысында Мемлекет басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтіледі. Жалпы, Швейцария Президенті Ули Маурердің ресми сапары аясында Қазақстан Үкіметінің басшысымен кездесуі, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлеуі жоспарланған.

Дереккөз: Inform.kz

22 қараша 2019, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.