Атырау, 24 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдемесі желіде жарияланды

Бейнежазба
2 758 рет қаралды


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына Алматы – 2050 стратегиясы жобасын әзірлеуге қатысуға шақырды.

Құжаттың нақты нұсқасы желтоқсан айында қалалық урбанистік форумда жарияланады.

"Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram аккаунтында.


Құжат 60 беттен тұрады. Алматы мен қала тұрғындарының күнделікті мәселелері қамтылады.

Мәселен, қала орталығы мен шетіндегі өмір деңгейі өте алшақ. Қалалық қоғамдық көлік жүйесі дамымаған, экологиялық жағдай, инфрақұрылымның тозуы және қауіпсіздік мәселелері де жоқ емес.
Стратегияның екінші бөлігінде халықтың өмір сапасын жақсарту үшін қала билігі атқаруы тиіс нақты шаралар жазылған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

21 қараша 2019, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.