Атырау, 24 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

3 377 рет қаралды


Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Нұр көшесі 5-үй маңында белгісіз жүргізуші 10 жасар қызды қағып, бой тасалаған болатын . Бүлдіршін қыз сол жерде көз жұмды. Оқиға орнына жедел тергеу тобынан басқа полиция департаментінің басшылары барып, күдіктіні ұстауға жеке құрам жұмылдырылды. 

Нәтижесінде қызды қаққан 1986 жылғы жүргізуші ұсталды, ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Дереккөз:Inform.kz

21 қараша 2019, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.