Атырау, 24 желтоқсан 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Левиттің дау тудырған жекпе-жегі: төрешілерге қатысты қандай шешім қабылданды?

3 037 рет қаралды


Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы төрешілер Токио олимпиадасында болмайды. Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады.

Басты себеп: кәсіпқой деңгейдегі бокс турнирлерін барынша ашық өткізу. Енді Олимпиаде-2020-да жұмыс істегісі келетін төрешілер арнайы аттестациядан өтуі тиіс. Сондай-ақ, комиссия әрбір үміткердің биографиясын жіті тексереді, деп хабарлайды Sports.kz.

2016 жылы өткен Олимпиадада Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде 0:3 есебімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеңілді. Жанкүйерлер мен сарапшылар Левиттің жеңгеніне сенімді болды. Қазақстандықтар жекпе-жектің шешімін қайта қарауға электронды петиция жасады.  

Левит Тищенко өзіне алтын медальді берсе де, қабылдамайтынын айтты. Левит Қазақстанда олимпиада чемпионы ретінде 250 мың доллар алды.

Халықаралық олимпиада комитеті жекпе-жек қорытындысына қатысты пікір білдірді. Олар 2016 жылдың Олимпиадасында төрешілер тарапынан нәтижені бұрмалау болмағанын айтты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

21 қараша 2019, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.